«ӨЗ ОТЫҢДЫ ӨШІРМЕ» НЕМЕСЕ ОРАЛХАН ШЫҒАРМАСЫНАН КЕЙІНГІ ОЙ
Қазақ халқы үшін оттың орны әр кезде бөлек болған. Ежелгі кезде ата-бабаларымыз көшкенде, бірінші жүк артқан түйені екі оттың ортасынан өткізген. Қарап отырсақ, отбасы деген сөздің өзі от дегеннен басталып тұрған жоқ па? Жаңа түскен келіннің отқа май құятын дәстүрі ел ішінде әлі де бар. Келіннің отқа май құюы жаңа құрылған шаңырақтың оты өшпесін деген қазақ даналығының бір парасы шығар. Есіме кешегі тоқсаныншы жылдардың соңына тап келген балалық шағымдағы қиын кездер түсіп кетті. Бала санасы бәрін жаттап алатын шақ, көрген нәрсе ұмытылмай көкірегіңде сайрап тұрады. Ол кезде ауылымызда «Ильич шамы» жиі сөнетін, ондайда ауылдағы жұрттың тапқаны – керосин, қолы жетпегені – соляркамен шам жағатын. Бір-бірінен ескі трактордың ернеуіне ілініп тұрар құтыны қолдарына ұстап, үй жағалап жүрер еді.…
