ЖЕРДІ ШЕТЕЛГЕ АРЕНДАҒА БЕРМЕЙ-АҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА БОЛМАЙ МА?
Өткен сенбіде Үкімет жанынан құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті. Өткен сенбіден бері комиссия ішіндегі жұмыс топтары да өзара бас қосы, бірқатар мәселелерді сөз еткен болатын. Комиссияның үш отырысы өткенше, ай да аяқталды. Алайда, жерді сөз еткен 70 шақты адам әлі де нақтылыққа көше алмай отырған сияқты. Көптің наразылығын тудырған жер заңнамасындағы олқылықтарды нақты көрсетіп, оларды өзгертудің жолын іздеу орнына комиссия мүшелерінің дені әлі күнге жердің қадір-қасиеті, қазақ халқының дүниетанымында алатын орны туралы пәлсапалық ойларын тықпалаудан әрі аспауда. Жердің ең қасиетті құндылық екенін қазақ Мырзатайсыз да, Кенжеғалисыз да біледі. Білгеннен соң, сол қастерлі құндылық саудаға салынады дегенде өре түрегелді. Жаппай наразылық танытты. Атыраудан Алта…