Перейти к содержимому
nurmura

nurmura

На сайте с 18 августа 2012 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

24

комменты

0

подписчика

2

подписок

0

Рене Декарт

Адам ақылы туралы: оны тану денені тануға қарағанда оңайырақ Кешегі ойларымнан кейін мен күмәннің тұңғиына түсіп кеткендеймін. Бірақ ол күмәндардан арылудың жолын да көре алар емеспін. Тап бір терең иірімге құлап кетіп, сонда не жүзе алмай, не аяғымды тіреп кейін серпілу үшін түбіне жете алмай шыр айналып жүргендеймін. Сонда да өзімді алып шыққым келеді, бірақ қайтадан кешегі жолға тап болам. Ол – титімдей болса да күмән туғызған нәрсені анық жалған нәрсе сияқты көріп жоққа шығару жолы. Мен осы бетіммен рас нәрсені тапқанша жүре бермекпін, мейлі ол ақыры рас ештеңе жоқ екендігінің растығы болып шыға берсін. Архимедке де Жерді орнынан қозғау үшін қозғалмайтын жалғыз нүкте қажет болған. Мейлі, болмашы болса да мызғымас, рас бір нәрсе таба алсам, мен де алдыма дәл сондай ұлы мұраттар қоя ала…

0
0
835

Асылбек Мусин Абай туралы

Біз өзімізді Абайға рухы жақын, абайша ойлайтын адамдармыз деп есептейміз. Олай деуімізге себеп, Абай шығармаларының өн бойынан Декарт, Сократ, Платон, Аристотельдердің рухы есіп тұр. Заманында Абайды ешкім естімеді. Ол сөзін жеткізе алмады. Неге? Біріншіден, Абайдың ортасы басқа болды. Екіншіден, ол кезде сөзді, ақпаратты алысқа, барша жұртқа тарататындай мүмкіндік болмады. Абай бір аймақта шектеліп қалды. Кім оны естісін? Бірақ Абай кездейсоқ феномен емес. Бір сөзінде ол бәрінен шаршағанын айтады. Бұл – өмірде бәрінен көңілі қалған адамның сөзі! Егер рухы мен интеллекті төмен адам өмірден осылай шаршап, көңілі қалса, өзіне-өзі қол жұмсар еді. Ал Абай жазумен айналысқан дұрыс деп шешті. Неге ол сөзін қағазға арнады? Өйткені, айналасындағы жұрт керек қылмайды. Өйткені, мәдени код ол айтқа…

0
0
1077

Сократ 90 минутта

Ол жұмыс істемеген. Бар уақытын құдай мойнына жүктеген міндетін атқаруға жұмсады – Афины тұрғындарына олардың қаншалықты надан екенін түсіндірумен болды. Ағылшын зерттеушісі Пол Стретерн «Күрделі нәрсені оңай жолмен» атты сериямен бірнеше кітап шығарды. Ондағы мақсаты әлемдік ақыл-ойға зор өзгеріс әкелген ұлы философтардың идеяларын ұғынықты тілмен түсіндіру еді. Біз мүмкіндігінше соларды шетінен аударып беріп отырмақпыз. Пол Стретерн Сократтың өміріне және идеяларына қысқаша шолу Сонымен қатар кітапқа философ айтқан қанатты сөздер, Сократтың өмірі мен оның заманында болған аса маңызды деген оқиғалардың даталары кіргізілді. Кіріспе Бәрінен бұрын не болды? Бір әлем болғаны анық. Тек біз ол әлем жайында ештеңе білмедік. Бірақ тіріміз, жүрміз. Сонау неолит дәуірінде айналаға қарап осы сұрақт…

0
0
4760

ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ДІН ЖӘНЕ ҚҰРАНДАҒЫ ДІН (КІРІСПЕ)

Дін турасында жасалатын пікірталастар, бұқаралық ақпарат құралдарында әрі халық арасында жие болып тұратын жәйт. Бұл пікірталастардың қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс екендігіні, қай пікірдің хақ діннің ақида-сеніміне сәйкес келетіндігіні қалай шешеміз? Не себептен, дін атына ұсынылған бірбіріне қарама-қайшы алуан түрлі көзқарастар бар? Дін атына ойдан шығарылған нәрсемен діннің өзіні бір-бірінен қалай ажырата аламыз? Қолдарыңыздағы осы кітап барлық осы сұрақтарға жауап ретінде әрі осы мәселедегі түсінбестіктерді ұғындыру үшін жазылған. Жауап берілуі қажетті ең мағызды сұрақ, ол:- “Діннің қайнары не?” деген сұрақ болып табылады. Осы сұраққа берген жауабымыз басқа сұрақтардың да жауабыны айқындатады. Дін атына ұсынылған алуан түрлі пікірлердің қайнарының, бұл сұраққа берілген әртүрлі, бір-бірін…

0
0
853