02.07.2013 ж 3-күн Бұл күні біз қазақ халқының біртуар перзенттерінің бірі, ақын-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің мұражайына қонақ болдық. Ол негізі 1988 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастаған. Мұражай орналасқын үй ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағаш сәулет өнерімен салынған. Іші негізгі жеті залдан тұрады. Олар: - Балалық және жастық шағы ; - Мемлекеттік қызметі; - Педагогикалық қызметңі: - Әдеби қызметі; - Ел есінде; - Сәкен Сейфуллиннің кабинеті; - Сәкен мен жанұясына тиесілі заттар бөлмесі мен Мәжіліс залы; Және де ішінде оның өзі ұстап, тұтынған заттары, киім-кешектері көрерменге ұнамауы мүмкін емес. Жазу машинкасы, хаттары, кітап-журналдар, фотосуреттер, алтын сағаты, таяғы, шабаданы, костюм-шалбары, тақиясы, бәтеңкесі, мойыншалма, қолшатыры, әтірі, ыдыс-аяқ…