Казактар
Астана. 31 наурыз. Baq.kz-Көшпелі қауымның ру-тайпалық жүйеге құрылған демократиялық ықпалы Алтын Орда мемлекеті құлағаннан кейінгі кезеңде казактардың қоғамдық құрылысына аса зор ықпал етті. Олар әскери ортада атаман сайлайтын болды. Ал атамманның жанынан ақсақалдар кеңесі мен казак станицалары атамандарының кеңестері құрылды. Бұл өз кезегінде қазақтың билер соты жүйесінен көшірілген үлгі еді. Атаман ақсақалдар кеңесінің келісімінсіз біреуді жазалай алмады, әйтпесе өз бетінше маңызды шешім шығара алмайтын болған. Ақсақалдар алқасының төрағасын атаманның шешіміне тиым сала алатын болған. Казактардың қауымдық ережесін бұзғаны үшін дүре соғу немесе өлім жазасы кесілетін еді. Жазадан құтылу үшін қауымнан қашып кету керек, әйтпесе жазықтыға араша түсіп, өз қарауына алатын адам шығуы тиіс. Ары…