«МузАРТ LIVE» мега-жобасы
Қазан айының 2-жұлдызынан бастап қалың көрерменнің көзайымына айналаған, халықтың "түрік сериалын көруге асыққандай" апта сайын асыға күтетін ең керемет музыкалық "МузАРТ LIVE" мега-жобасының нүктесі қойылғанына да екі апта болып қалды.Алғашқы онлайн іріктеуден сүрінбей өтіп, екінші кезеңде еліміздің бес өңірінің сайдың суынан сүзілген серке тасындай жігіттердің ішіндегі "мен" деген 60 үміткерге жобаның жолдамасы бұйырды.Шілденің шыжғырған күніне күйген қатысушылар Сәкен ағамыз айтқандай "Қыстың қақаған суық кешіне" де төтеп беріп ән шырқады."Әу" деп бастаған құйқылжыған әнінің алғашқы ноталарымен-ақ көпшіліктің фавориттеріне айналып үлгерген сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар сын елегінен өтіп,жүйріктері мәреге жақындай түсті.Қазақтың "бес аспап" азаматтарының қай-қайсысын алсақ та жеңіск…