ҮШБҰРЫШТЫ ТІЛЕК
Ол: Соншалықты көп оқиғалар ішінен оның бейнесін таба алар емеспін.Витрувиандық адам: Бұл сенің тілегіңе байланысты.Қозғалыс пен тоқтаудың арасында дем алуда Ол. Алакөлеңке түстер оның табан астындағы еденнің шаңды қабатынан бастап, қызыл шатпақ картиналарға толы қабырғаларды, айналасында шашылып жатқан бояулар мен қағаздарды, керексіз ірілі- ұсақты заттардың бәрін бірдей құшарлана құшып жібергісі келмейді. Бірақ шығысқа қараған терезеден төніп келе жатқан таңғы жарық бөгде болып бөлініп қалуға тырысқан бөлменің ішіне ентігіп еніп барады. Ол жерде жатқан ақ қағазға ұзақ қарап тұрды. Бейне іздеді. Тағы да төртбұрыштар мен дөңгелектер, үшбұрыштар мен сызықтардан басқа ештеңе көре алмай тұрды. Қарсы алдында ілулі тұрған витрувиандық адамнан көзін ала алмай, тамағы қысылып барып әрең жіберді.…