ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОРТАЛДЫҢ ЗОР МҮМКІНШІЛІКТЕРІН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүгінгі күні қаламыздың «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филилалы № 1 Семей қалалық бөлімінің инспекторлары әртүрлі мекемелердің қызметкерлерімен кездесіп, «Еgov» порталы арқылы қандай мемлекеттік қызметтерді алып, қандай төлемдерді жасауға болатыны туралы ақпаратты кеңінен насихаттауда. Электрондық порталдың игіліктерімен алғашқы болып ақ халатты абзал жандар танысты. Орталық қаралу емханасы дәрігерлеріне «Еgov» порталы таңсық емес екен. Олар портал арқылы қызметтерді алумен қатар, электрондық сандық қолтаңбаны (ЭЦП) жұмыстары барысында жақсы қолданап жүргендерін жеткізді. Бұл-үлкен жетістік. Электрондық порталмен қатар, ХҚКО № 1 Семей қалалық бөлімінің мамандары мобильдік үкіметтің қолжетімділігін тілге тиек етті. Электрондық үкімет порталы үйден қадам аттап шықпай, қаж…
