Hollywood штамптары
"Ұлы суретішлер ұрлайды" деген екен Пикассо (айтпақшы, осы сөздің авторлығы Билл Гейтске тиесілі деген жаңсақ пікір бар). Рас шығар. Hollywood фильмдерінде біртекті кадрлар көп. Қызығы сол: киноның көркемдігіне еш нұқсан келмейді. Кейіпкер Киануша секіріп, Мерфише мәймөңкелеп сөйлегенімен, көрермен оны қайталанды демейді. Көрермен бәрібір де жаңа кино көріп келдім дейді. Интернетте Hollywood шаблондары туралы бейне мен суреттер көп-ақ екен. Солардың бірсыпырасын оқып, аталамай қалды-ау деген шаблондарды жазуды жөн көрдім. Уақытыңыз болса, пікір ретінде жазып, сіз де көмектесіңіз! Сонымен. 1. Атауынан ат шошитын ұйымдар Нәпақасын өмір бойы жүгері өсірумен айырып келген қызылкөйлекті һәм қалпақты фермерге таң атар-атпастан қара джиппен қара киімділер сау ете қалады. Әліпті таяқ деп білмеген…