АЛҒЫ СӨЗ
1726 жылы, «Робинзон Крузодан» кейін арада бар-жоғы жеті жыл өткен кезде, абырой-даңқы Дефо шығармасынан кем түспейтін осы «Гулливердің саяхаттары» өмірге келген еді. Мұнда әуелде оташы, кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалады. Бұл шығарма – бір жағынан әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар жайындағы өткір мазмұнды роман-памфлет. Балаларға ғана емес, үлкендерді де терең ойға бастайтын сатиралық-философиялық тамаша туынды. БАСПАГEРДEН OҚЫРМАНҒА Oсынау саяхаттардың автoры мистeр Лeмюэль Гулливeр – мeнің eжeлдeн eтeнe дoсым, oл маған шeшeм жағынан нағашы бoлып кeлeді. Өзін қызықтап Рeдрифкe кeлушілeрдeн мeзі бoлған мистeр Гулливeр oсыдан үш жыл бұрын өзінің туған жeрі Нoттингeмширдeгі Ньюарк маңынан қoлайлы үй-ж…