Перейти к содержимому
gulnur_kakimzhanova

Гүлнұр Кәкімжанова

@gulnur_kakimzhanova

На сайте с 29 апреля 2012 г.Казахстан, Астана

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

30

комменты

1

подписчиков

5

подписок

16

«Америкаландыру» демократияландыру емес

Өрелі рухсыз өркениет жоқ. Адамзат өркениеті экономикада – шаруашылық жүргізудің нарықтық әсілінен, саясатта – демократиядан, идеологияда – пікір алуандығынан тиімді еш нәрсе таба алған жоқ, - депті президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан өз тізгінін өзі ұстап, дүниежүзілік өркениетпен бірге табиғи серпіліс жолымен ілгері жылжуға бет бұрғалы қашан. Тәуелсіздігін тұғырлап, төрт тағанын тұтастап алғанмен, уақыт өткен сайын оның салмағының жеңіл емес екендігі сезіле түсті. Сыңайы, ескі жүйенің құрылымы мен нысандарын былай қойғанда, адамдардың басындағы сірі боп сіңіп қалған коммунистік догмалар мен алдамшы үлгілерден, жасанды қазына мен жауыр әдеттерден арылу бірнеше ұрпаққа жететін тауқымет сияқты. Британдық Economist журналының еншілес басылымы Economist Intelligence Unit зерттеу компанияс…

0
0
1256

.....

Жүрген де аңдар терекпен ғана таранып, Қыс болып дала, жатқанда аққа оранып. Жүргенде құстар күншырай жақта жол алып, Ақ қар боп тием бетіңе.... Гүлдесе терек, күлімдеп дала, айнала, Мен екен деумен гүлдерді бар да, аймала. Толқындар тулап жатқанда жаным, Жай ғана, Жаңбыр боп сүйем ерніңнен. Көңілің сенің кіршісіз таза, ақ болып, Айнала саған біртүрлі салқын, жат болып, Жүрегің тоңып, ызғарға суық тап болса, Күн болып сені жылытам.... Ойларың сенің жазылса сонар, ақ қарда, Көңілің сенің басқаға ауған шақтарда.. Жүректің барлық сырларын үнсіз ақтара, Түн болып маза бермеймін.. Түн батса егер, сүйсініп қарап алыстан, Іздеймін сені бейтаныс пенен таныстан. Адассаң егер тірлікте мынау алысқан... Ай болып жолды нұсқаймын.. Қара бұлт сені айналып іздеп тапқанда, Жүрегіңе сенің жараның отын жаққ…

0
0
538

гүлдер... тастар...

Гүл емес, тас кірпіш алғызып,

Тас қамал, ғимарат салғыздық.

Ішінде жүргенмен қанша адам,

Сонда да, жүректе жалғыздық.

 

Тас қабақ мейірім танытып,

Тас үйлер күлгендей болады.

Сонда да тас жүрек мысымен

Қаншама гүл - кеуде солады.

 

Жүрекке бір жылу берер деп,

Ақша мен байлыққа талпындық.

Алтынға құныққан жандардың

Жүзінде сонда да - салқындық.

 

Әлемде гүл мен тас алмасқан,

Мейірім барын да сеземін.

Алайда бүгін мен тағы да

Гүл іздеп тас көше кеземін...

01:57, 11.04.2011 Астана

0
0
421

Замана запыраны

Қып-қызыл қантөгіспен келген Кеңес өкіметінен біздің қазақтың көрмеген құқайы бар ма? Небір зорлық-зомбылықтың бәрін көрді, соған көнді. Әсіресе, Отызыншы жылдардағы ашаршылықты қалай ұмытамыз? Үш миллионнан астам бейкүнә қазақты жасанды жауыздықпен жою – ұлтымызға көрсетілген геноцид. Қой екеш қой да кеңірдегіне пышақ тигенде тұяқ серппей ме? Жанға бататыны – Тәуелсіздікке табаны күректей жиырма жылдан асса да, ашаршылық тұтас бір ұлтты жою жолында қасақана қолдан жасағанын айтып тұрып саяси бағасын бере алмауымыз. Ал бүгініміз ше?! Көзбен көрмеген соң, әттең, көңілге де түйе алмай жатқан жайымыз бар сияқты. Зұлмат: Әке. Өңі кетіп, құты қашқан бұл ауыл да аштықтың арандай ашылған азуынан құтыла алмады. Жиналған жұрт ит көнбістікпен жеткен жерлеріне қаз-қатар жалп-жалп құлай салды. Қайда…

1
0
873

Түн

Түн.

Жұлдыздар тұр жымыңдап,

Жалғыз Ай тұр,

Мына менен сыр тыңдап.

Жұлдыз әне ағып түсті аспаннан,

Уақыттай

Тоқтамайтын зымырап.


Түн.

Жұлдыздар тұр жыласып,

Жалғыз Ай тұр,

Әжім бетін мұң басып.

Табиғаттың сыры барын білмеппін,

Тұрмағанша мына түнмен сырласып.


Түн.

Жұлдыз үні баяулап,

Ай барады аяңдап.

Сонда ұқтым мәңгі емесін өмірдің,

Таң да атты тіршілікті баяндап.

Ай мәңгілік, күн мәңгілік болғанмен

Мен мәңгілік тұра алмаспын аялдап.


Түн.

Келгенде қайта жай табам,

Айды көріп жайнаған.

Жұлдызды мржан байқағам,

Түн қайта бірақ туғанмен

Мен тумаспын қайтадан.

Гүлнұр Кәкімжанова

 

0
1
5432