Касым-Жомарт Токаев на совещании по вопросам социально-экономического развития Атырауской области
Құрметті кеңеске қатысушылар!Биыл – Егемен ел болғанымызға 30 жыл. Бұл – баршамыз үшін маңызды әрі тарихи белес. Осы кезең ішінде түрлі салада ауқымды шаралар атқарылды. Бұған әр аймақтың қосқан үлесі зор. Соның ішінде, Атырау облысының орны бөлек. Өңірдегі мұнай қоры Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуға мол мүмкіндік берді. Мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылды. Бұл жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалады.Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымның бірін Атыраудан бастағанымды білесіздер. Мұнайлы өңірдің тыныс-тіршілігі, тұрғындардың әл-ауқаты әрдайым менің жіті назарымда. Жалпы, өңір қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда мемлекетіміздің ішкі жалпы өніміндегі облыс экономикасының үлесі 10 пайыздан ас…

