01.07.2013
Бүгінгі күніміз Қабанбай батырға барудан басталды. Мен Қабанбай батыр туралы Қазақстан тарихта оқып, ол туралы ғаламтордан да оқыдым. Барар алдында мен болжам жасадым. Қысқаша айтып кетсем: Қабанбай батырдың жерленген жері, оның ерліктері, шежіресі. Ал ендеше бастайық.Мінеки келдік!!! Ауа райы қандай тамаша. Бізді Қамал Қажы Абдірахман аға күтіп алды. Ең алдымен Қабанбай батырдың жерленген жерінің айналасын көрсетті. Айналасында үш өзен жатыр екен. Ал айналасы толған қарағай талдары. Оларды Қамал ағамыз отырғызған екен. Ендеше Қобыланды батыр мовзолейіне кірейк. Ағай алдымен Бейіттің басында құран оқып, содан Қобыланды батырдың өмірбаянын әңгімелеп берді. Бала шағында өте берік бала болған екен. Бала кезінен бастап қабанды өлтіріпті. Және де жарыстарда өзін көрсетіп, елге танымал болған.…