Перейти к содержимому
erketay

Еркебұлан Әлімханұлы

@erketay

На сайте с 16 марта 2013 г.Казахстан, Астана

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

9

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ (ЖАЛҒАСЫ)

2. Қабысатын көзқарастар мен алшақ ұстанымдар Қазақстан мен Иранның аймақтық және жаһандық деңгейдегі көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдары бір біріне жақын немесе ұқсас болып келеді. Аймақтың қауіпсіздігі, онда болып жатқан үдерістер, терроризм және экстремизммен күрес, есірткі саудасы мен тасымалы, сондай-ақАзиялық немесе жаһандық деңгейдегі кейбір мәселелерде бір-біріне қолдау беріп, ортақ ойлар ұсынып жатады. Ауғанстанда бейбітшілік орнату екі елді де жақындастыратын ортақ мәселердің бірі, өйткені бұл елдегі ішкі жағдай Қазақстан мен Иранның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан екі елдің де басшылығының Ауғанстандағы жағдайға алаңдап, ондағы экстремистік топтарды қарусыздандыру, гуманитарлық жәрдем, есірткі плантацияларын жою, халықтың сауатын ашу сияқты мәселелерде бір шеш…

0
0
1309

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ

Тарихы Иран мен тәуелсіз Қазақстан арасындағы қатынастар бастапқыда бірқатар сарапшылар күткендей қоян-қолтық болып кетпесе де, бірқалыпты дамып келеді. Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері темір қырсаудан босап шыққаннан кейін көршісі Түркия бауырластығын алға тартып, бетін осылай қарай бұрып, қоғамның барлық саласында байланыстарды жандандырып жатқанда ресми Тегеран самарқау қимылдады. Әйтпесе сарапшылар, Иран да діни және тарихи жақындығын пайдаланып Орталық Азияға қарай ашылады деп күткен еді. Иран басшылығының неге бұлай шабан қимылдағанын дөп басып айту қиын. Мүмкін мемлекетке сыртқы күштердің қысымы адымын аштырмады немесе ішкі жағдайы мүмкіндік бермеген шығар, болмаса осы мәселені көтеретін стратег саясаткер табылмады, яки жақын аралассақ түрік елдерінің ықпалында қалып кетермі…

0
0
7326

ҚАЗАҚСТАНҒА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТАН ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚҚА АЛЫП БАРАР СТРАТЕГИЯ ҚАЖЕТ!

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясатs өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды. Алайда бұл қазақ ұлтының үлесі 50 %әрең құрап тұрған «өтпелі кезеңнің» саясаты болатын. Сондықтан ол өзінің міндетін атқарып бітуге жақын. Ендігі жерде қазақ ұлтының саны 65% асып саны ұдайы өсіп отырғанда Қазақстанды моноұлтты мемлекетке айналдыру стратегиясына негізделген саясат қажет! Сонда ғана ұлттық мемлекет құру (nation state building) ісі аяқталады. Әрі, бұл этникалық, діни, идеологиялық тб әлеуметтік себептерге байланысты бөлшектенген қоғамды біріктірудің бір амалы болмақ. Эмиграция мен ассимиляция: осы екеуі моноұлтты Қазақ мемлекетін құруға септігін тигізеді. Яғни қазаққа сіңісіп, тілі мен д…

0
0
1826