СЕРПІНДІ ДАМУҒА БЕТБҰРЫС
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы республиканың барлық еңбек ұжымдарында, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, әскери бөлімдер мен мектептерде, зейнеткерлер мен оралмандар арасында, тіпті шетелдерде де қызу талқылануда. Жолдауды түсіндіру, халықты ақпараттандыру мақсатында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде де көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі –Жолдаудың басым бағыттарын жеке құрамға жеткізіп, түсіндіру үшін арнайы ақпараттық топтың құрылуы. Қызылорда ОІІД-мен құрылған топ мүшелері 2014 жылдың 24-26 қарашасы аралығында барлық аудандарда болып, аудандық ішкі істер бөлімдері қызметкерлері мен ардагерлеріне жолдау туралы, Елбасының биылғы Жолдауының ерекшеліктері, бағыттары туралы түсіндіре келіп, алдағы…