Мистер Ювентус
Атақты бапкер Карло Анчелотти айтқан екен : «Аллесандро Дел Пьеро - таныстыруды қажет етпейтін әлемдік дәрежедегі ойыншы»-деп. Осы бір ауыз сөзге лайықты жүздеген ойыншылар бар, және әркім өз кумирін ойлаған болар. Бірақ,менің айтпағым – Аллесандро Дел Пьеро жайлы. Футболдан хабары аз адамдар да атақты италиялық ардагердің есімі Туриндік «Ювентуспен» тығыз байланысты екенін айтпаса да біледі. Болашақ футбол жұлдыздарының көпшілігін алғашқы бапкерлеріне әкелері жетектеп алып келсе, кішкене Сандроны Умберто Престо атты бапкерге анасы табыстаған. «Ювенің» құрамында 20 жылға жуық өнер көрсетіп келе жатқан Аллесандроның тұңғыш командасы – жергілікті «Сан-Вендемьяно». Кейіннен «Падуяға» ауысып, 1991-1993 жылдар аралығында ойнайды. Италия футболындағы жарқ еткен жас талант бірден алпауыт клубтар…