I am coming home
I am coming home - каФка version Таныс көше, таныс шарбақ,таныс үй. Әр адым сайын балалықтың балғын сәттерінен жадымда қалған жарқын естеліктер жарқ етуде. Біраз уақыт бойы көрмеген таныс жерлер, сезілмеген жұпар иістер, айтылмаған жылы сөздер. Айналаға жалтаңдап, сағынышымның сары шерін баса алмай біраз алаңдап түрдым. Менің қатысуымсыз белең алған толассыз өзгерістердің саны біршама. Осынау маған бейтаныс өзгерістерге оранған «туған» үйде 1 минутқа өзімді жатжерліктей сезіндім. Қуаныштысы – тек 1минутқа ғана. -Татееееее! Алыстан айғайлап, жүзінде күлкісі бал-бұл жайнап балғын балақай құшағын айқара ашып, маған қарай ентіге жүгіріп келді.Жатжерлікке балаған ордам өлең төсегім екенін осы бір жылы сөзден кейін сезіндім. -Қалайсың қызым?Аман-есен жеттің бе? Толассыз қаптаған өзгерістер арас…