ҚАРАҚОЖА МЕШІТІ
ҚАРАҚОЖА МЕШІТІ – діни ғимарат. 20 ғ-дың бас кезінде ортағасырлық сәулет өнері үлгісінде салынған. Жамбыл облысыТалас ауданы Ойық а. Талас өз-нің оң жағалауында. Ғимаратқабырға қалауына күйдірілген көне құрылыстың кірпіштері қолданылғаны байқалады. Себебі ғимараттың негізгі құрылымына еур. қалыптағы кірпіш үлгісі қаланған да, қабырғаның күмбезге ұласар тұсына және күмбездердің өрілуіне көне шығыс қалпындағы кірпіштер пайдаланылған. Сылағына ғаныш ерітіндісі қосылған.Шаршы пішіндес ауданы – 16,5×16,5 м. Ғимарат күмбезді – галерея типті құрылыс тобына жатады. Тоғыз күмбезбен көмкерілген ескерткіштің оңт.-батыс құбыла жағындағы біреуі басқалардан тұрқы биік бас күмбез кенересімен мойындыққа табан тіреген. Мойындықтың шығыс жағында мешіт ішіне жарық түсетін терезе ойығы және михрап қуыстары б…