ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫ
1993 жылы Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі бүкіләлемдік конференциядабүкіл әлемдегі адам құқықтарын құқықтық қорғау тетіктерінің жай-күйін шолу менталқылау жөніндегі ұзақ үдерістің нәтижесін білдіретін Вена декларациясы мен Іс-қимылбағдарламасы қабылданған болатын1. Соңғы пленарлық отырыста Вена декларациясыныңмәтінін ұсынған Конференцияның бас хатшысы Ибрагим Фалд мырза Венадекларациясының халықаралық қауымдастық үшін адам құқықтарын көтермелеудіңбіртұтас тәсілін қолдану және бұл үдеріске барлық – халықаралық, ұлттық және жергіліктідеңгейлердегі қатысушыларды тарту мүмкіндігін ашатын, «жоспарлау, диалог жүргізу менынтымақтасудың» жаңа аясы болмақ деп мәлімдеді.Дәл осы Адам құқықтары жөніндегі бүкіләлемдік конференцияда адам құқықтарысаласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу идеясы туындады. Атап айтқанда, адамқұқықтары жөніндегі Бүкіләлемдік конференция 1993 жылғы 25 маусымда қабылданғанВена декларациясының 47 және 100 тармақтарында барлық елдерге оларда бар ресурстаршегінде және халықаралық ынтымақтастық қолдауымен жоғарғы деңгейдегі Бүкіләлемдіккездесудің Іс-қимыл жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін шаралар қабылдауға басакеңес берді. Конференция осындай ұлттық іс-қимыл жоспарлары мен халықаралықәрекеттестік аясында бала мен ана өлімін қысқартуға, тамаққа жарымау дәрежесі менсауатсыздық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ қауіпсіз ауыз су мен бастауыш білім алуғақолжетімділікті қамтамасыз етуге айрықша назар аудару қажеттігіне нұсқап, мемлекеттердіБала құқықтары жөніндегі Конвенцияның қағидаларын өздерінің ұлттық іс-қимылжоспарларында ескеруге шақырды. Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесініңшеңберінде қабылданған, адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар менхаттамаларды әмбебап ратификациялау мақсатына қол жеткізу жолындағы ілгерілеуге бағаберуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін басып айтты.
