АКАДЕМИЯНЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА
Кезінде әрбір бала ұшқыш болуды армандайтын. Енді сол арманды орындайтын зор мүмкіндік туып отыр. Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы – жастарымыздың арманына қанат бітіріп, елімізде заман талабына сай ұшқыштар даярлау ісін жолға қойған бірден-бір оқу орны. Қазір Академияны кезінде Авиация комитетіне жетекшілік еткен Бекен Қанелұлы Сейдахметов басқарып отыр. Ол уақытысында (Авиация комитетінің төрағасы болғанда) қазақстандық әуекомпанияларын «қара тізімнен» алып шыққан болатын. Енді міне, бүгін ол Азаматтық авиация академиясын халықаралық деңгейге көтеруге келіп отыр. Біз Академия ректорымен кездесіп, алдағы жоспарларымен танысқан едік.Биік белестерді бағындырып келедіБүгінде ұшқыштардың қарашаңырағы – Азаматтық авиация академиясы биік белестерді бағындырып, толайым табыстарға қол жет…