8 күн
Біз бүгін қарағандыға жол тарттық.Жол бойында орналасқан карлакқа бардық.Ондағы көптеген бөлмелерді көрдік.Карлаг КСРО-ның кезінде құрылған болатын.Лагердің мақсаты – социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану еді. Сол 1,5 миллион тұтқынның дені «халық жауы» деген айыппен сотталғандар немесе cолардың отбасы мүшелері ретінде бас бостандығынан айырылғандар. Тұтқындар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, бұрынғы партия-кеңес қызметкерлері, шала сауаттылар мен әліпті таяқ деп білмейтін сауатсыздар да болыпты.Бұл лагерь өз жұмысын 1956жылы ғана тоқтатқан. Содан соң,Қарағанды қаласында орналасқан ФМБ НЗМ бардық.Қарағандыға Семейлік НЗМ оқушылары келген екен.Ақтөбе,Семей,Қарағанды оқушылары арасында спартакиада…






Ең бірінші,Ерементауда орналасқан мұражайға бардық.Бұл мұражай негізінен атақты Бөгенбай батырға арналған.Біз аса бағалы экспонатты көрдік.Экспонат Бөгенбай батырдың тікелей ұрпағында сақталған.Ол әулетке барып,батырдың киген дулығасын өз көзімізбен көріп,қолымызбен ұстадық.
Оған бар жақсы тілектерді тіледік.
Родина аулында орналасқан "Родина" сүт зауытына бардық.Бізге зауыт директорының орынбасары Сәуір Владимир Иванұлы жол көрсетті.Қазіргі кезде бұл зауытта осы ауылдың климатына уйренген канадалық сирлар қоныс тапқан.Зауытта 20 адам жұмыс жасайды.
Сүттері өте бағалы,тап-таза екендігіне көзіміз жетті.
Бізге өздері шығаратын сүттен дәм татқызды.Осы күні зауыт меңгерушісінің туған күні екен.оны бәріміз құттықтап,шағын ғана сыйлық сыйладық.Содан соң,ұстаның үйіне бардық.Өзі қолдан жасаған керемет бұйымдарын көріп,таңқалдық.

