Перейти к содержимому
baydilda

Жандос Байділда

@baydilda

На сайте с 12 июня 2012 г.Казахстан, Алматы

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

29

комменты

12

подписчиков

16

подписок

6

Домбыра...

Домбыра тарту қолдан келмесе де, қос ішектен шыққан қасиетті үнге ғашықпын. Белгілі жазушы, драматург, дәулескер (дәстүрлі) күйші Таласбек Әсемқұловтың орындауындағы «Алшағыр», «Молқара», «Сылқылдақ», «Жеңеше», «Кемеңгер» атты күйлерді тыңдап, қазақтың қасиетті қара домбырасына арнап қолға қалам алуға тура келді. Күй тартшы, қане! Мейірімді қандырып. Қос ішектен шықсын күй, Құлақта жүрсін жаңғырып! Көкке де жетсін, күмбірің, Даланы кезсін қаңғырып! Алаштан асқан ұста жоқ, Ағаштан тапқан бақытын, Жасасын домбыра, мәңгілік! Күмбір-күмбір үніңнен! О, домбыра, сен ғана! Қазаққа пайда сіңірген!!! Тұлпарлардың шабысын, Өзендердің ағысын, Түзде жортқан тағысын, Аңға ерткен тазысын, Күйге салып күмбірлеп, Әнге салып әлпештеп, Әлдилейтін сен ғана! Дабыл менен қомыздың, Сырнай менен қобыздың Алдына…

2
1
2875

7+4=?

Ол туралы БАҚ беттерінде аз жазылатын. Ұзақ жыл шенеунік болғанмен, қоғамда дүрбелең туғызатын пікірлер мен бастамалардан бойын аулақ ұстайтын. "Сен тимесең, мен тиме бадырақ көз" деп, өзіне жүктелген жұмысты ғана орындап, бар медеті жылы орнымды ешкім тартып алмай, ел қатарлы жүрсем болды деп тілеу. Шенеунік көкемнің сол тілегі қабыл болды ма білмеймін, қаншама ауыс-түйістер болса да, оны "жау алмайтын" болды. Қызметін де қатырып жатқаны шамалы. Шенеунік деген аты болмаса, барлық істі есеп-қисапқа түгел орынбасары атқарып келеді. Кейде өзінен бұрын сол орынбасары пәле-жаладан аулақ болсын деп жалбарынатыны бар. Әлгіде орынбасары бір ай кезекті демалысына кеткенде бір апта толмай жатып қайта шақырып алғаны да сондықтан. Сол көкеміз туралы жақында abai.kz сайтына кішігірім ақпарат шығыпты.…

0
0
1040

Ұры...

Айнұр үйдегі ерте оянатын жалғыз адам. Таң атпай тұрып, балаларын сабаққа қамдап, күйеуінің шәйін дайындайды. Арлы-берлі шапқылап жүріп, дәм ауыз тиместен жұмысына аттанады. Сол кеткеннен бала-шағасымен кешке бір-ақ қауышқаны. Жексенбіден басқа күндердің барлығы айна-қатесіз осындай бір қалыпқа түскен. Жұмыстың талабы күшті. Таңғы сағат 9.00-ден сәл кешіксеңіз, шаш ал десе бас алатын қызметші қыз қара тізімге тіркеп, басшылыққа жөнелтеді. Қашан көрсеңіз көкбеттеніп, айбаттанып сөйлейтін бикешіңіз сол қызметі үшін басқалардан көп жалақы алатын көрінеді. Айнұр соңғы кездері Астанадағы «асқынып» кеткен жол кептелісін ескеріп, жаяу барса бір сағатта жететін жұмысына бір жарым сағат ерте шығатын болды. Бүгін № 42 автобус көп күттірмей, әдеттегіден ерте келді. Ерте келгені құрысын, іші адамға л…

0
1
934

Алмас пен Катя

Кім не десе, о десін, бірақ өз басым Алмастың бұл қылығын ерлікке бағалар едім. Біз кейде тым еңкішпіз. Аузынан сөзі, үстінен бөзі түсіп, аузын буған өгіздей орысша шүлдүрлегеннің алдында төмендеп қалатынымыз бар. Өзіміздің әлемдегі ең ұлы тілде сөйлеп тұрғанымызды да ұмытып кетеміз. Бірақ, Алмас ондай емес. Алмас Қытайдан келген бауырларымыздың бірі. Қарадүрсіндеу естілсе де, оралман. Менің группаласым. Оларды кейде қалың қытайдың арасынан өмір сүруге әбден бейімді мінездеріне қарап, «өлермен» деп те жібереміз. Бірақ, олардың бізден айырмашылығы ана тілімізді таза біледі. Орысшасы біздің қытайшамыз сияқты, яғни өте нашар. Тіпті, 5 шкалалық өлшеммен нөл деген баға қоюға болады. Алмас та бір түйір орысша білмейтін сол көп оралманның бірі. Алмас домбыраның құлағында ойнайтын. Қазақ әуендері…

Есентай бойымен...

Төрт жыл ҚазҰУ-да бірге оқыған досым Жарас «Алматы» телеарнасындағы әріптестерімен «Еуро-2012 додасының чемпионы кім болады?» деген сұраққа «Испания болады» депті аузына Құдай салғандай. Барлығы ортаға ақша тастап, жиналған қаржыны кімнің сәуегейлігі басым болса, соған береміз депті. Содан шыққан қорытынды, Жарастың аз-маз байып қалғандығында болып отыр. Қызығы бұл емес. Испания мен Португалияның жартылай финалын көріп отырғанымызда Жарасқа «испандар чемпион бола алмайды» деп ызаландырдым. Жарас құп көрмеді. Ашуға булығып, тіккен ақшасының желге ұшатынын сезсе керек, атақты әнші Энрике Иглесиас құсап «Испания чемпион болса, Есентайдың бойымен жалаңаш жүгіремін» деді біреу қинағандай. «Айтылған сөз, атылған оқпен тең». Мұны естіген соң, біз қоямыз ба?! Ақыры, көндірдік. Бірақ, мен сол күнн…

1
2
794

АДАМ МЕН ТЕЛЕФОН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Адам баласын өмiрде әртүрлi нәрселермен салыстыра отырып, соларға ұқсата қарауға болады. Тылсым дүниедегi әрбiр жаратылушы нәрсе тiптi жандысы-жансызының да пенделiк рөлдiң кейiпкерi болып жүрген адам қауымымен әйтеуiр бiр жерлерiнде ұқсастық бар. Кейбiр мақұлықтардың өзi де өмiрлiк образы бар ерекше адамдардың қасиеттерiн айна-қатесiз қайталайды. Сонда мынадай ой түйесiз. Жаратқан иемiз адамдарға жануарлардан артық «сана» деген сый бергенмен, сыртқы көрiнiсiндегi қасиеттерiн өте ұқсас жаратқан секiлдi. Ахаң айтқан аққу, шортан һәм шаянның да әрекеттерi өмiрдегi неше түрлi мiнездегi адам бейнесiн қайталап бередi. Мысал жанрындағы арыстан, түлкi секiлдi жануарлардың образы күнде көрiп жүрген ағайындардың мiнез-құлқымен сәйкестенiп отырады. Бұл айтып отырғандардың барлығы белгiлi, күнделiкт…

3
0
2039