1 күн
Сәлем!Мен Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысымын.Біз мектебімізбен"Туған елге тағзым"атты экспедиция бойынша еліміздің бас қаласы Астана қаласына саяхатқа шыққан болатынбыз.Жол бойы Қостанай,Көкшетау қалаларының табиғатына тамсанып,Астананы көруге деген құштарлық кеудемізде жанып тұрды.Көп ұзамай маусымның 30-ыншы жұлдызында, сағат 14:30-да арайлы Астананың вокзалына келіп түстік.Бәріміздің ойымызда жас қаланың сұлу жерлерін көріп, тамашалау болды.Астана-арман қала.Оны көру әр баланың арманы.Ал біз сол арманға жеткендей ерекше сезімде болдық.Айта кету керек,бізді "Dana tour"туристік агенттігі күтіп алды.Содан соң автобуспен төрт жұлдызды"Gimpire"атты қонақ үйге келіп орналастық.Біздің алғашқы сапарымыз біздің әріптестеріміз Астана қаласындағы НЗМ-нен басталд…