МБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ҚЫТАЙ СЕРІКТЕСІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
12 мамыр күні Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында Нанкин туризм және қонақжайлылық институтының (Нанкин қ., ҚХР) делегациясымен кездесу өтті. Сапардың негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру саласында тәжірибе алмасу. Кездесу барысында филиал директоры Бакыт Злобин қонақтарды филиалдың қызметімен таныстырып, ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Жетісу облысының туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Мухаметкаримов облыста туризмнің дамуы туралы ақпарат берді. Нанкин туризм және қонақжайлылық институты – Цзянсу провинциясында орналасқан Қытайдағы бірегей жоғары кәсіптік білім беру мекемесі. Институтта мәдениет пен туристік индустриямен тығыз байланысты 26 мамандық бар. Қытай д…