#SmartJastar
"Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының" КММ-нің тапсырысы бойынша «Студенттер футбол лигасы» қоғамдық қоры 2019 жылы қазан айының 14-18 жұлдыздары аралығында «Маралсай» демалыс үйінде Алматы қаласының белсенді, талантты жастарына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастарға арналған «#SmartJastar» атты жастар лагерін ұйымдастырды. «#SmartJastar» лагерінің мақсаты: Алматыда болашағы зор және талантты жастарды қолдау, үлкен шығармашылық әлеуетті дамыту және жас ұрпақтың кәсіби дамуы үшін барлық жағдайларды жасау. Жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және дамыту. Лагерь аясында: Жастардың ораторлық, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін көптеген семинар-тренингтер, мастер класстар жоғары деңгейдегі спикер,…