Адам деген.....
Негізі адам баласы анадан алтау туса да бас басына жалғыз екен шынында. Қанша жерден бірге туған бауырым, ағайыным дегеніңмен де Алла алдында бәрі бір жалғыз есеп бересің, жалғыз барасың. Былайынша өмір сүріп жүрген кезде еш нәрсені уайымдамайсың. Проблема ма? Оны сен іздемесең де өзі тауып алады. Оны ойламасаң да ойыңа түнеп алады. Онан қашқаныңмен ол паразит сияқты көбейіп, ақыр соңында қашар жерің қалмай, іннен інге тығыласың. Айналаңда болып жатқан проблемалар сені шаршатады. Адам негізі проблеманы қартайған шағында қатты сезінеді екен. Ол қандай проблема? Дүние? Жоқ. Өмір? Жоқ. Енді не? Әрине, бұл екеуінің тілге оралатынвнвң өз себебі бар. Өйткені, қазіргі адам санасын тұрмыс пен байлық билеп алған. Адамгершілік пен сабыр, иман екінші сатыда. Өйткені, адам рухани аштықтан гөрі тәндік…