Оралу
Араға 9 жыл уақыт салып студент кезімдегі сүйікті блогыма қайтып келдім. Бүгін аяқ астынан yvision.kz есіме түсіп, парақшамды тауып алдым. Құдай оңдап, ананы бір, мынаны бір теріп отырып, құпия сөзім сай келді. Міне, осындай да болады екен. Ава осыдан 10 жыл бұрынғы Арайлым. Сол жылдары осы жерде жазған "Әдемі махаббат хикаясы" әңгімем интернет желісінде лезде тарап кетіп еді. Қазір, студент кезімдегі жазушылықтың ұшқыны ғана қалған. Ол кездері ойыма келгенді қолымнан түспейтін күнделігіме түсіріп жүретін едім. Біреу оқиғасын айтып берсе, әңгіме ретінде жазып беретін едім. Қабілетке де жаттығу керек екен. Нәтиженің 20% талант, 80% еңбек екені рас. Енді "Массагет" сайтындағы парақшамды қалпына келтіріп алсам жақсы болатын еді.
Мен оралдым...