НЕГЕ ӨМІР СҮРЕСІҢ?
«Шенеуніктер капиталдары туралы түсіндіру керек. Мемлекеттік қызметшілер неге өмір сүресің деген сұрақтан қорықпай өмір сүру керек», - Нұрсұлтан Назарбаев.ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп «Өзіңнен баста» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын бастады. Акцияның мәні – мемлекеттік қызметшілердің табыстары және мүліктері туралы мәліметті жариялау болып табылады. Оның басты мақсаты шенеуніктердің жасыратын ештеңесі жоқ, олардың ашықтығын жариялау. Оған қатысу – өз еркімен. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы және оның орынбасарлары өз табыстарын жариялады. Департамент басшысы М.…






