Талас ауданында кездесу
2015 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Н.Нұржігітов «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» Талас ауданының тұрғындарына түсіндіру бойынша кездесті.
Кездесу барысында Н.Нұржігітов Стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіндігін және ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіндігін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға аталған індетпен күресу – баршамыздың міндетіміз екендігі түсіндірілді.
Кездесу соңынан Н.Нұржігітов «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
