«АР-НАМЫСТЫ АРҚАЛАҒАН РУХТЫ БАТЫР БАУЫРЖАН» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады.Онлайн-дәріс барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді.Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үміті…