Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА»

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен елді-мекендерде адалдық пен парасаттылыққа үндейтін муралдар салынуда.

Ақсай қаласының орталық көшесінде қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында мурал бейнесі салынды.

Муралдың ашылу салтанатты шарасына БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Бөрлі ауданының әкімі М.М.Сатқанов, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның басты мақсаты – азаматтарды әділеттілік пен парасаттылыққа, адалдыққа баулу, сондай-ақ жемқорлықпен күресуге үндеу болып табылады.

1
0
389

Еще по теме

«ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА» - Yvision.kz