ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ҮШІНШІ ПАКЕТІ ЕҢ МЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ ӘСЕРІНЕ ИЕ
Агенттік төрағасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда.4 желтоқсанда Алик Шпекбаев мемлекеттік органдар, қаржы институттары, табиғи монополиялар субъектілері, «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің қатысуымен «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске қажетті барлық қызметтерді көрсету үдерісі орталықтандырылған «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінің мүмкіндіктерімен танысты.«Бизнесті қорғау және қолдау – Агенттіктің басты басымдықтарының бірі. Тек биылғы жылдың 10 айында біз 300-ге жуық кәсіпкердің құқықтарын қорғап, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының 160 фактісінің жолын кестік», - деп атап өтті Шпекбаев.Одан әрі Антикор төрағасы «Protecting business and investments» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы сүйемелденетін «К…