Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ANTIKOR DEBAT» жобасы

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, «Ақиқат» пікір-талас орталығы» ЖҚБ және «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп «ANTIKOR DEBAT» жобасын бастады.

Пікір-сайыс ойыны Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында өтеді.

Мақсаты – мемлекеттік басқарудағы процесттерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау мен жою бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Дебат ойындары апта сайын ұйымдастырушылар және пікір сайысшылармен келісе отырып, бір қарарды талқылау арқылы ойналады.

Дебат ойындарына қоғамдағы басты мәселелер бойынша ұсыныстарыңызды жолдай отырып, белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
154

Еще по теме