НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!
Азаматтық сектор өкілдерімен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың түйінді бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс жасау аясында блогерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысу үшін материалдарды Департаментке 2017 жылдың 15 мамырына дейін қағаз бетінде және электронды түрде Көкшетау қ., Абай көшесі, 87 мекенжайына және [email protected] эл.почтасына жолдау қажет. Аны…


