kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

Азаматтық сектор өкілдерімен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың  түйінді бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс жасау аясында блогерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін материалдарды Департаментке 2017 жылдың 15 мамырына дейін қағаз бетінде және электронды түрде Көкшетау қ., Абай көшесі, 87 мекенжайына және anticorruption1494@mail.ru эл.почтасына жолдау қажет. Анықтама телефоны: 8 (716 2) 51-81-23.

Конкурс қорытындылары  2017 жылдың 25 мамырында   жарияланады.

Конкурс жеңімпаздары бағалы жүлделермен марапатталатын болады.

Жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» қағидасын ұстанатын белсенді азаматтардың қауымдастығына қосылыңыздар!

Департамент госслужбы