Алтынсарин өміріндегі бір күн = Один день из жизни И. Алтынсарина
Торғай уезінің бастығы Яковлев пен хат жүргізушісі хорунжий Алтынсариннің қолы қойылған құжатта бір Сұлтан Бабин туралы айтылады, «алған білімі бойынша қырғыз мектебінің мұғалімінің орнын алуға лайық болса да», бірақ құжаттың авторлары оның қырғыз балаларының мұғалімі етіп тағайындауды «мүмкін емес, тіпті зиянды» деп санайды.










