ФАРИЗА АПАҒА
Тәтті мұңмен талықсып таңың ата, Жай отындай жырыңмен жалын ата, Аңырата, жұртыңды жамырата Сен де өттің -ау дүниеден, жаным апа! Жетім менен жесірге жан ашынып, Кеудең бір күн тыншымай аласұрып, Мың қаршының отына жалғыз күйіп, Жалған күнді шын еттің дара сүріп! Жырың болып жөңкілсе құт ала күй, Жарқыраған жұлдыздай жұтаған үй. Сен барында бар еді ер Махамбет, Сен барында тірі еді Мұқағали! Кіл арзаннан даралап сендік есті, Кім жалғайды, дариға-ай, енді көшті?! Саған қарап сағынып Төлегенді, Сен арқылы сүюші ек Меңдікешті! Бірің - қара, бірің - көз ағы сынды Жанардай боп жүретін жан ішулі... «Егіз қозым» деп кеткен Айсәуле ана, Кімге тастап барасың Әбішіңді?! Кілт үзілді тілегім оңға ұласқан, Айым құлап, түнерді мөлдір аспан. Ұлылықтың сарқыты ең, жаным апа! Іріліктің ізі едің соңғы басқ…