Парақтарға саяхат: кітап көрмесі
Ақберен БіржанқызыӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 3-курс студенті Кітап көрмесі – бұл жай ғана көрме емес, сонымен қатар келушілерге білім, шабыт және жаңа ашылулар әлемінің есігін айқара ашатын жарқын оқиға. Бұл классикалық әдебиеттен қазіргі бестселлерлерге, ғылыми монографиялардан балаларға арналған түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптарға дейін әртүрлі формада ұсынылған тарих, мәдениет, ғылым және өнер тоғысқан жер. Кітап көрмесінің әдебиет мұрасын дамытуда маңызы зор. Көрмелер қазіргі әдебиеттің байлығы мен алуантүрлілігін көрсету арқылы кітап оқуға ықпал етеді. Олар әртүрлі жастағы, қызығушылықтары бар адамдардың кітапқа деген ынтасын оятады. Көрмелер жаңа басылымдармен танысуға, ғылым мен мәдениеттің соңғы жетістіктерінен хабардар болуға, ой-…