BarCamp Central Asia 2011
Сәуірдің 15,16 және 17-ші жұлдыздарында әсем Алматының KIMEP университетінде болған Barcamp Central Asia 2011 конференциясы өте тамаша өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар "жиынға осынша көп адам келеді" деп күтпедік дейді. Дегенмен, осы конференцияға келген әрбір қонақ сыйлықсыз кетпеді және өкінбеді деп анық айта аламын. BarCamp Central Asia 2011 конференциясында көптеген презентациялар өтті. Соның ішінде өзім тыңдаған жалғыз "қазақ тіліндегі презентация" minber.kz сайтының презентациясы болды. Асхат Еркінбай - жүргізген презентациясында өз ісінің нағыз маманы екенін тағы бір дәлелдеді деп ойлаймын. Жалпы, конференцияға барғаныма қатты қуанамын. Себебі: көптеген өзіме таныс емес дүниелерді білдім және өз шабытымды қамшыладым. Менің ойымша, конференция жоғары деңгейде өтті, маған ұнады.…