Немереме Хат
Немереме хат! Жарық дүнием, менің, күнім менің. Сен менің тұңғыш немеремсің. Сенің дүниеге келуіңді ұзақ күттім. «Жасым немере сүйетін жасқа жетті, тіпті асып бара жатыр» -деп жүргенімде әке-шешең сені күтіп жүргендерін айтты, сондағы қуанышымда шек болмады, төбем көкке жеткендей болды дүниеде менен бақытты адам жоқ той көрінді. Сол күннен бастап сенімен сөйлесетін болдым. Анаңның құрсағынан сипап, сенің болашағыңның жарқын, бақытты болатынын, ақылды дені сау, рухани жан-дүниесі зай адам болады деп, сенің кіп-кішкентай зердеңе құя дердім. Анаңның сені дүниеге аман-сау әкелетініне анық сендім, өйткені алламнан соны тіледім. Сөйтіп жүргенде айы-күні жетіп, анаң аман-есен босанды-ау, сен жарық дүние есігін ашқанда қасында мен тұрдым, сенің іңгалаған даусынды алғаш мен естідім, сені анаңнанда…