ЖАЛҒАН ПАТРИОТ БОЛУДЫҢ НЕ КЕРЕГІ БАР?
Қостанайға келгелі мұндай дауға алғаш тап болғанымды сөз ете отырып, оқиға орын алған мекен-жайды көрсете кетейін. Қоғамдық көлікке жайғасқаным сол еді, жүргізушінің қасында тұрып алып, етжеңді, сом денелі орыс жігітімен қояр да қоймай дауласып жатқан ағаға көзім түсті. Қазақ пен орыс арасындағы даудың саяси тақырыпта өрбіп жатқанын сезіп қалған шығарсыздар.Енді соның мән-жайын түсіндіре кетейін. Қостанайдың автобустарында Қазақстанның көп қалаларында жоқ ерекшеліктер бар. Өте ыңғайлы әрі мәдениетті түрде қалыптасқан жүйе десе де болады. Мәселен автобусқа кіргенде жаныңызға келіп ешкім жолақысын сұрамайды. Яғни, мұнда кондуктор деген атымен жоқ. Көлікке жүргізуші толықтай иелік етеді және оған ешкімнің кедергі келтіруіне болмайды. Ортанғы есіктен енсеңіз, түсерде жүргізушіге 60 теңге бері…