БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМЫЗДЫҢ БАТЫРЛАРЫ
БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМЫЗДЫҢ БАТЫРЛАРЫ Ең талапшыл көрермендер – балалар, және ең шыншыл актерлер, тағы да балалар деп тегін айтылмайды. Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаевтың: «Қазақ – табиғатында актер халық», – дегені бар. Ескілі-жаңалы фильмдерді ойдан өткізіп отырып, осы пікірге бас иземеске шараңыз қалмайды. Егер қазақ туабітті актер халық болмаса, «Көксерек», «Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады», «Адамдар арасындағы бөлтірік»... қайдан шықты? Камераның алдында жасындай жарқылдап, роль ойнамаған, өмір сүрген осы қарадомалақтарға қараған сайын жүрегіңнің бір пұшпағында қалғып кеткен мейірім, сүйіспеншілік, жылылық дүр-дүр оянады. Экранның бергі жағындағы көрерменнің тамырын дөп басып, кіп-кішкентай балалар бізбен «ойнайды». Орыстарда бүгінгі Пуговка секілді қылықты балалар оқта-текте…