МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МЕН 23 ЖАСҚА ТОЛҒАН МҮГЕДЕКТЕРДІ ҰБТ-ҒА НЕМЕСЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ДИСТАНЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ЖОБАСЫ
Дистанциялық білім беру технологиясы негізінде мүгедек-оқушылар топтарына қабылдау жалғасуда. Орыс тілінде оқыған 11 сынып оқушылары мен өткен жылдарда бітірген түлектерге ҰБТ немесе кешенді тестілеуге дайындауға арналған сабақтар тегін өткізіледі. «Тұран» университеті ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен, Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, JTI Kazakhstan, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесе отырып мүгедек балалар мен 23 жасқа толған мүгедектерге ҰБТ-ге немесе кешенді тестілеуге дайындауға арналған дистанциялық білім беруді басқару жобасын жүзеге асыруды бастады. ҰБТ-ға дайындық курстарына қабылданған оқушылар ноутбукты және тегін интернетті қамтамасыз ететін грантқа ие болады. ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеуді…