«Электронды» неке
Осыдан біраз уақыт бұрын елге таңсық болып көрінген «Электронды үкімет» порталы өз тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, қамту аймағын кеңейте түсуде. Бұл үдеріс бүгінгідей қарбаласқа толы қоғамда азаматтарға қолайлы жағдай туғызуда. Яғни, әрбір тұрғын электронды цифрлық қолтаңба алу арқылы өзі қалаған мемлекеттік қызметті тұтынуға қол жеткізді. Соның бірі-некені онлайн-режимде тіркеу. Қызметтің бұл түрі той қамымен тағат таппай жүретін жастар үшін оңтайлы болып тұр. Некені онлайн–режимінде тіркеу қызметін тек бірінші рет некеге тұратын және балалары жоқ азаматтар ғана қолдана алады. Некені онлайн – режимінде тіркеуге арналған өтінішті беру үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет. Оны тіркеуге арналған өтініш www.egov.kz электронды үкімет порталында толтырылады және некеге тұратын тұлғал…