Дала дауысы: Қорытынды
Өткен жылдың аяғында Қазақ радиосының бастамасымен ұйымдастырылған, «Шалқар» радиосы, «Classic» радиосы, «Астана» радиосы ақпараттық қолдау білдірген «Дала дауысы» қазақ әнінің фестивалі өткенін біздің құрметті де қадірлі оқырманымыз жақсы біледі. Түрлі кезеңдегі қазақ әнінің фестивалі ретінде ұйымдастырылған жоба ұлтымыздың өнерін асқақтатып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттауды алдына мақсат етіп қойған болатын. 28 қараша күні Астананың төрінде, «ҚазМедиа орталығының» концерт залында III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда өнерпаздар бірнеше аталымдар бойынша марапатталады. Шараға Қытай, Ресей, Украина, Белорусия, Татарстан, Қырғыз Республикасы, Латвиядан келген орындаушылар қатысқан болатын. Байқау…