Перейти к содержимому

Дала дауысы: Қорытынды

Өткен жылдың аяғында Қазақ радиосының бастамасымен ұйымдастырылған, «Шалқар» радиосы, «Classic» радиосы, «Астана» радиосы ақпараттық қолдау білдірген «Дала дауысы» қазақ әнінің фестивалі өткенін біздің құрметті де қадірлі оқырманымыз жақсы біледі.


Түрлі кезеңдегі қазақ әнінің фестивалі ретінде ұйымдастырылған жоба ұлтымыздың өнерін асқақтатып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттауды алдына мақсат етіп қойған болатын.

28 қараша күні Астананың төрінде, «ҚазМедиа орталығының» концерт залында III халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда өнерпаздар бірнеше аталымдар бойынша марапатталады. Шараға Қытай, Ресей, Украина, Белорусия, Татарстан, Қырғыз Республикасы, Латвиядан келген орындаушылар қатысқан болатын.

Байқау басталып, қатысушылар бақтарын сынға түсірер тұста «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының халқымыздың дәстүрлі ән, жыр өнерін насихаттауға арналған «Дала дауысы» радиофестивалінің басталуымен құттықтаймын. Қазақ радиосының бастамасымен халқымыздың қасиетті қара домбырасының үнін, қасиетті әні мен жырын, күйін әспеттейтін радиофестиваль осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр. Байқау қорытындысы бойынша киелі өнердің шоқтығына шыққан жиырма өнерпаз марапатталмақ.«Дала дауысы» радиофестивалінің жаңа маусымын тек өнерпаздар ғана емес, барша көрермен асыға күтеді. Өйткені, бұл - қазақ әні, қазақ сазы, қазақ домбырасының байқауының мерекесі. Құтты болсын!» деп ізгі тілегін білдірген болатын.

Ұйымдастырушылар мақсатына жетті деп сенімді түрде айта аламыз. Елорданың төрінде асқақ әндер шырқалып, өнерпаздар әділ бағаланып жатты. Ең бастысы, бәрін халық шешіп, өз таңдауын жасады.

«Дала дауысы» халықаралық радиофестивалі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кешін мына жерден көре аласыздар.

Төртінші маусымда кездесеміз деп сенеміз!

 

0
0
381

Еще по теме

Дала дауысы: Қорытынды - Yvision.kz