Қыркүйек айында «Балапан» телеарнасына 5 жыл толады
27- қыркүйек күні бірінші отандық балалар арнасы өзінің 5 жылдығын атап өтпекші. Телеарнаны құру Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы. Телеарна хабарлары қазақ тілінде таратылады. Телеарна «Қазақстан» (РТРК) телерадиокорпорациясының құрамына кіреді. Ол туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды. “Балапан” балалар танымдық ойын-сауық телеарнасының мақсаты - өсіп келе жатқан жас буынның ұлттық тұлғасын қалыптастыру, олардың бойларына отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, үлкенді сыйлауға, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып өсуіне жол салу болып табылады. Балапан» телеарнасы алғашында 12 сағат хабар таратса, бүгінде 14 сағат бойы эфирде. Оның бағдарламалары үш жастан он жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналғанымен, ересек аудиторияның да ықыласына бөленіп үлге…

