«ҒАШЫҚПЫН...» — ҚАЙРАТ НҰРТАС
Қайратты бұл қырынан ешкім көрген жоқ! Қайраттың бұл әнін әлі ешкім естіген жоқ! 12 желтоқсан күні «Астана-Арена» стадионында Қайрат Нұртастың шығармашылығының 10-жылдығына орай әлемдік деңгейдегі «Ғашықпын...» атты ірі музыкалық концерттік-шоу өтеді деп жоспарлануда. Концерттің басты ұйымдастырушылары «Қазақстан» телерадиокорпорациясыжәне «МУЗ-ТВ 2015» бәйгесін өткізген «Sapа Media group». Қайрат сахнаға шыққан сайын өзінің даралығымен, сапалы жанды дауысымен, өзіндік мәнерімен және ерекше көңіл-күйімен есте қалады. Ұйымдастырушылардың және Қайраттың пікірінше бұл концерт те ерекше болмақ. Әншінің өнерін бағалайтын көрермендерге 5D форматындағы ірі музыкалық шоу бағдарлама дайындалуда. Бұл шоуда көрермендер сахнада болып жатқан көріністерді ғана емес, сондай-ақ сахна айналасындағы «оқиға…



