БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерін қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі корпорацияны құру бойынша ішкі құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиісті уәкілетті органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қатысты 140-тан астам нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады. Мемлеке…