Перейти к содержимому
Qazzaq

Qazzaq

На сайте с 25 февраля 2011 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

4

комменты

2

подписчик

1

подписок

0

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСМИ МЕРЕКЕЛЕР

Коммент:

РЕСМИ МЕРЕКЕЛЕР
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
21-23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
9 мамыр Женіс күні
30 тамыз Конституция күні
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

Танирберген Бердонгаров, "көзің ашық, көкірегің ояу" болса, мына мәтінге қара, назар сал. Ішінде сен айтып, әріптестеріңді құттықтаған 23 ақпан деген мереке жоқ. Демек, сенің бұл істеген қылығың - Қазақстан Республикасының заңына қарсы шығу, ел президентінің саясатын бұрмалау, қалың қазақтың намысына тию. Сорақы қитұрқылығыңды бір емес, бірнеше рет жасап, қайталағаныңды ешқашан кешпейміз! Алашұлы.

Бұл пікір осы оқцып бірақ ештеңе ұқпайтын мәңгүрттерге түсінікті болу үшін көрсетіліп отыр. Осыны бір ұқсашы. Ей, надан! Қазақтың нан жеп, тілінде сөйлеймейсіңдер!

0
1
6968

“Это ведь история” ма?!

Қадірлі “қартамыс блогшының” жас блогының оқырмандары! “Ақылы бар ит сүйекті жұтар алдын шығатын жерімен өлшеп алады”. Кезінде қаржыны алып, игере алмай қалған Коржова ханымға айтам деп, өкпелетіп алған сөз еді. (Қалтай ағамның сөзі ғой). Айтайын дегенім ол емес. Айтпағым блогты бастап алып, толтыра алмай ертең қиналып қалудың да қаупі жоқ емес. Блог ашқан күні үсті-үстіне бірнеше post жазғанға ұдайы осы қарқынмен сілтей береді деп ойлап қалмаңыздар. Сәті солай болып тұр. Кейінге қалдырсам, суып кетуі мүмкін. Әңгіме бүгін болды. Мәжілістің жалпы отырысында ойда жоқта бөтен елдің мерекесімен, бөтен елдің мемлекеттік тілінде біртүрлілеу інімнің (23 февральмен) құттықтауы жүйкемізді қытықтағандай болды. Сосын сөйледік. Бүй дедік: “Қадірлі әріптестер (яғни депутаттар)! Мен осы жерде отырып, «…

0
0
640